«Шұбайқызыл» – қызғалдақтар мекені - Рухани жаңғыру|23 Сәуір 2018, 12:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Шұбайқызыл» – қызғалдақтар мекені

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына қарасты Шұбайқызыл өңірінде Мемлекеттік табиғи парктер шеруі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шеруге Сайрам-Өгем Ұлттық паркі мен Ақсу-Жабағылы қорығының қызметкерлері және жастар өкілдері қатысты. Олар Мемлекеттік табиғи парктерінің көрмесін аралап, Түлкібас, Шұбайқызыл жер-тау атауларының тарихынан сыр шертетін «Текті төрім - Түлкібасым» театрландырылған-хореографиялық қойылымды тамашалады.

Сонымен қатар, фестивальдің ашылу салтанатына келген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Шұрайлым - Шұбайқызылым» жас қаламгерлер байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Шұбайқызылға жиналған халықты ерекше мерекемен құттықтаған Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, жазушы Мархабат Байғұт өңірдің тарихына тоқталып, қызғалдақтардың ерекшелігін айтты.

«Шұбайқызыл» - қызғалдақтар мол өскен, шұбай өскен мекен деген сөз. Бұл - тарихи өлке. Тарихымызды танимыз десек, жеріміздің тарихи атауларын тани білуіміз керек»- дейді жазушы.

Шұбайқызылды кеңес үкіметі тұсында бұрын «Красная горка» деп атап кеткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Қазан 2018, 14:45
Адасқандар мекені
Пікірлер