BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының символы жасалды

Фото: Автор

Қазақстан электролиз зауытының жас мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының символы – қыран құсты металдан жасады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

15 келілік нысан еңбек күнін атап өту аясында Павлодар қаласының тұрғындарына тарту етілді. Идея авторларының айтуынша, металлургтер бойдағы шығармашылық қабілеттерін паш етпекші болыпты. Сондықтан, қолда бар мүмкіндікті қалт жібермей, құрыш құсты жасап берген. Жаңа мүсін Павлодар қаласының орталық жағажайында бой көтерді.


«Бұл құстың әр элементі – бірегей. Бір апта бойы тынымсыз еңбек еттік. Инсталляцияны жасауға құрыштың 1400 ұсақ бөлшегі жұмсалды. Ал жалпы салмағы 15 келіден асады. Қыран құс әу бастан халқымыз үшін еркіндіктің белгісі ғой. Осыны қаперге алып, осындай мүсінді жасап бердік», - дейді Қазақстан элекролиз зауытының слесары Дмитрий Мережко.


Айта кетейік, қазіргі таңда Ертіс өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кешенді жоспар әзірленген. Мәселен, бағдарлама шеңберінде «Асық ойнайық» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін өңірдің 90 білім беру ошағында асық үйірмелері бар. Әзірге 1500-ден астам бала қамтылған. Енді жоба аясында барлық 375 мектепте ұлттық ойын кабинеттері жұмысын бастайды.

«Бастауыш сынып оқушылары аптасына бірнеше рет асық ату бойынша шеберліктерін шыңдау мүмкіндігіне ие болмақ. Алдағы уақытта арнайы әдістемелік құралдары әзірленіп, басылып шығарылады. Асық жинау шаралары ұйымдастырылып, облыстық лига құру мақсаты да бар. Сонымен қатар, қалалық және облыстық дңгейдегі спорттық жарыстар өткізілмек», - дейді Павлодар облыстық білім беру басқармасының маманы Қуаныш Қыдыралин.

Фото: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер