BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Рухани жаңғыру» аясында жас отбасылар салт-дәстүрден сайысқа түседі

Ертең Астана қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 15 жас отбасы сайысқа түседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастырып отырған жас отбасылар сайысы 3 кезеңнен тұрады. Байқауда қатысушылар тек ән-жыр айтумен шектелмей, салт-дәстүрмен сабақтасқан сұрақтарға жауап беріп, отбасы құндылықтарын дәріптейтін көріністер қояды.

Адам өміріндегі отбасылық құндылықтың маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір сүруге шақыру және балаларды отбасында ұлттық рухқа тәрбиелеу мақсатында өтетін байқауға елімізге танымал қайраткерлер мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қазылық етеді. Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
Пікірлер