Петропавлдың сәулетті жерлерімен QR-кодтар арқылы танысуға болады - Рухани жаңғыру|04 Мамыр 2018, 13:50
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Петропавлдың сәулетті жерлерімен QR-кодтар арқылы танысуға болады

Фото: pkzsk.info

Бұл жөнінде Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдараламасын іске асыру барысы жайында өткен брифинг барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Заман таспасы» жобасы әзірленді. Бұл жоба туристерді Петропавл қаласының сәулетті орындарымен QR-кодтар арқылы таныстыруды қарастырады. Біз аймақтағы барлық тарихи ғимараттарға бұл кодтарды орнаттық. Яғни, гаджетті дәл сол QR-кодтарға бағыттаған соң, барлық қажетті ақпарат шығады. Мұнда енді жол сілтеуші гидтердің қажеті де болмай қалады. Әзірше бізде мұндай кодтар енгізілген 17 нысан бар. Бұл жұмыстардың басы ғана», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Облыс басшысы атап өткендей, қазіргі уақытта облыстағы киелі жерлер бойынша ақпарат беретін виртуалдық карта да әзірленуде.

«Қазақстанның киелі жерлері арнайы жобасына республика деңгейінде біздің 6 нысан және облыс деңгейінде 13 нысан кірді», - дегенді айтты Ақсақалов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер