BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Петропавл мұғалімдері диктант жазды

Фото: Автор

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «жалпыхалықтық диктантқа» Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері де қатысты.

Педагогтар өздерінің латын негізді қазақ әліпбиін тәжірибелік тұрғыда меңгеру деңгейін тексеріп көрді. География пәнінің мұғалімі Гүлнәрә Бәженова Қазақстан бойынша ұйымдастырылған шараға қатысып, өзін сынап көруді жөн санапты.

«Елбасы «Рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшу жөнінде нақты міндет қойды. Бұл батыл әрі дұрыс қадам деп есептеймін. Әсіресе, жастар латын әліпбиін жетік меңгерсе, оларға болашақта жол ашылады. Бүгін диктант жазып, әріптестерімізбен бірге өзімізді тексеріп көрдік. Осындай шаралар біздің жаңа әліпбиге ауысуға жақсы дайындық болады деп ойлаймын», - дейді педагог.

Мектеп мұғалімдері диктантты «Қазақ радиосының» онлайн эфирінен тыңдап, жазды. Қатысушылар мәтіннің ұғынықты әрі жеңіл болғандығын атап өтті.

Фотолар: автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер