BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодар облысында Баянауыл дуанының аға сұлтаны Мұса Шорманов кесенесінің құрылысы басталды

Фото: автордан

Павлодар облысында Баянауыл дуанының аға сұлтаны, ағартушы, этнограф Мұса Шормановтың 200 жылдығына орай кесененің іргетасы қаланды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі жоба қоғам қайраткерінің туған жері Теңдік ауылынан бір шақырымдық жерде бой көтермек. Қазіргі уақытта нысанның іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстарды басталды. Жобаны жүзеге асыруға Мұса Шормановтың жерлестері атсалысуда.

«Руxани жаңғыру» - рухымызды көтеріп жатқан бағдарлама. Бұған дейін облыс орталығында Сұлтанбет сұлтан үй жайының көшірмесі бой көтерді. Енді сол игі істердің жалғасы ретінде ұлы ағартушы, ғалым Шоқан Уәлиxановтың туған нағашысы Мұса Шорманұлының кесенесі салынып жатыр. Кесене құрылысымен қатар, үлкен зираттың маңайы ретке келтірілмек. Сонымен қатар, Мұса Шормановтың тұрған үйінің орны мен Ертіс-Баян өңіріндегі алғашқы 1903 жылы ашылған орыс-қазақ мектебінің орнына және Мұсаның баласы - ақын Сәдуақас Шормановтың басына да құлпытас қою жоспарланып отыр. Қаржы мәселесі шешілсе, Шорман әулетіне арналған музей ашу да көзделуде», - дейді бастамашыл топтың мүшесі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нұхұлы.

Кесене ұлутастан соғылады. Жуық арада Маңғыстау облысынан екі вагон ұлутас жеткізіледі.

Мұса Шорманов 15 жыл бойы Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. Тұлғаның тынымсыз еңбегінің арқасында өңірда алғашқы ашылып, білім беру саласындағы игі істер Баянауыл ауданының ғылым қайраткерлерінің тұта сбуынын қалыптастыруға оң септігін тигізді. Сол заманда Мұса Шормановтың есімі Петербург жұртшылығы, географиялық және антропологиялық қоғамдардың мүшелері арасында танымал болған. 1881 жылы Мәскеуде өткен Бүкілресейлік өнеркәсіптік-көркемдік көрмеге қазақ халқының қолданбалы өнерінің бұйымдарын Мұса Шормановтың жібергені тарихтан белгілі. Ол 1965-1968 жылдары асыл тұқымды жылқыларды Мәскеу, Парижде өткен көрмелерге қатыстырған.

Айта кетейік, бүгінде Ертіс өңірінде қасиетті жерлердің тізіміне енгізілген 78 нысан зерттелуде. Облыстық тізбе құрамындағы 36 жобаның ішінде 18 тарихи ескерткіш анықталды. Бүгінгі күні 18 объектіге қоршау жұмыстары қажет етіледі. Атап өтер болсақ, Баянауыл ауданында – 12, Май ауданында – бір және Екібастұз аймағында бес нысан қоршалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер