BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодар мектептері латын графикасын меңгере бастайды

Бүгіннен бастап 200-ден астам 5-ші сынып оқушысы үшін қазақ тілін латын графикасында оқытыла бастайды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Павлодар қалалық білім беру бөлімнің хабарлауынша, қазақ жазбасын жаңғырту шеңберінде 5-ші сынып бағдарламаларына «Латын әліпбиінің» негіздері атты қосымша курс әзірленді.

«Балаларды оқытуда латын графикасында жазылған оқу-әдістемелік құралдар қолданылады. Пилоттық жоба 34 сағатқа шақталған. Осы бағдарлама облыс орталығындағы қазақтілді 9 мектепте де енгізіледі. Айта кетейік, жоба ата-аналар және ұсаздар тарапынан қолдау тапқан», - деп абарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бүгін алғашқы қоңырау облыс орталығындағы мектептердің 40 мың оқушысы үшін соғылды. Айта кетейік, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 мың балаға көп. Ал білім ұялараның табалдырығын алғаш рет 5212 оқушы аттады.

Салтанатты шара «Үздік білім ұйымы» атанған №37 мектепте ерекше аталып өтті. Бұл мектеп арнайы байқауға жеңіске жетіп, 20 млн. теңгенің тартуына ие болған еді. Бүгін 121 бала мектеп табалдырығын аттады.

«Бұл мектеп үш жыл бұрын ашылды. Осы уақыт аралығында биік белестерді бағындырды. Білім ордасында цифрландыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Қуантарлығы, мектеп оқушылары облыстық және республикалық пәндер олимпиадасында жоғары нәтижелерін көрсетті. ҰБТ көрсеткіштері бойынша да алда келеді. Ең бастысы былтыр бұл мектеп 375 білім ұйымы арасынан үздік деп танылды», - дейді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Саян Мұқанов.

Айта кетейік, биыл білім беру жүйесін дамытуға 1974,2 млн. теңге бөлінді. Бұл былтырғы жылға қарағанда 1,6 есе артық. Павлодар қалалық білім беру бөлімінің өкілі Амангелді Иманберлиновтың мәліметінше, 30 мектепте күрделі жөндеу жүгізіп, бұған 700 млн. теңге бөлінді.

«Павлодар шаһарында үш ауысымды немесе апатты жағдайдағы мектептер жоқ. 27 мектептік компьютерлік паркі жаңартылып, 17 оқу ордасының кабинеттері жаңа модификациялық құралдармен жабдықталды. Ал 38 мектеп үшін мультимедиалық құралдар сатып алынды», - дейді мамандар.

Айта кетейік, бүгін 5 мың педагог жұмысқа кірісті. Олардың 3 мыңы – ұстаздар. Олардың қатары биыл 150 жас маманмен толықты. Қуантарлығы сол, Павлодар қаласында педагогикалық кадрлар бойынша тапшылық жоқ.

Фото: Әлібек Дженалинов


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер