BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Латын әліпбиін енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері талқыланды

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылдың 14 желтоқсан күні «Латын әліпбиін енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңестің мақсаты – латын графикасына негізделген жаңа емле ережелерін Қазақстан Республикасы жанындағы Ұлттық комиссия мақұлдауына байланысты атқарылған жұмыстарды қорытындылау, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарын пысықтау және болашақта ұйымдастырылатын ғылыми бағыттағы жұмыстарды белгілеу.

Семинар барысында еліміздің беделді ғалымдары Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық жұмыс тобы мүшелері Шерубай Құрманбайұлы, Таңат Аяпова, Анар Фазылжанова, Айман Алдаш, Жанар Жұмабаева, Құралай Күдеринова, Айнұр Сейітбекова қатарлы тілші-ғалымдар емле ережелерінің теориялық, әдістемелік негіздері, емле ержелерін үйретуде туындайтын қиындықтар, 2019 жылғы Орфографиялық жұмыс тобы атқаратын шаралар, Ономастикалық ережені дайындаудағы мәселелер, Емле негізінде дайындалатын анықтағыштың негізгі бағыттары турасында баяндамалар жаса, өз ойларын ортаға салды.

Тіл орталықтарының әдіскерлері мен мамандарына арналған жаңа жазуды меңгерту әдістемесін үйрететін курс бағдарламасы таныстырылып, талқыланды.

Сонымен қатар латын графикасына көшкен түрік, әзербайжан тілі емле ережелеріндегі ерекшеліктер сөз болды. Аталған шараға 4 жұмыс тобының ғалымдары мен әдіскерлері, мамандар, зиялы қауым өкілдері және журналистер қатысты.

Шара соңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, латын әліпбиін енгізуде еңбегі сіңген ғалымдар мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қызметкерлеріне құрмет грамотасы табысталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер