Қылмыстық-атқару жүйесінің кадр қызметкерлері біліктілігін арттырды - Рухани жаңғыру|27 Сәуір 2018, 14:26
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қылмыстық-атқару жүйесінің кадр қызметкерлері біліктілігін арттырды

Пенитенциарлық жүйе қызметкерлерінің кәсіби және құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында кадр қызметтерінің жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру және тәжірибеде қолдану үшін 25-27 сәуір аралығында аумақтық ҚАЖ департаменттері мен оларға қарасты мекемелердің кадр қызметтеріне арналған семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылды.

Семинарға қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері мен мекемелерінің 46 өкілі келді.

Оқыту семинары барысында пенитенцарлық жүйедегі жасақтау, қызметкерлерді бағалау жүйесі, жас мамандарды бейімдеу және ішкі істер органдарындағы тәлімгерлікті жүзеге асыру, сонымен қатар, қызметкерлердің заңдылықты және тәртіпті сақтау, жеке-тәрбиелік жұмыстарының 2018 жылдың 1-тоқсандағы қорытындысы бойынша мәселелері талқыланды.

Әдістемелік шараны қорытындылаған ҚАЖ комитеті Кадр жұмысы басқармасының басшысы Рүстем Есмағамбетов қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің өзекті мәселелері мен қызметкерлердің кәсіби даярлығын ұйымдастыруға ерекше назар аударуды атап өтті.

Шара соңында проблемалық мәселелер мен оларды шешудің жолдары анықталды, кадр жұмысын жетілдірудің бірқатар ұсынысы қабылданды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер