BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық әдебиет БҰҰ-ның алты тіліне аударылып, насихатталады

Қазақ әдебиеті жауһарларын Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тіліне аударып, өз қаламгерлеріміздің шығармаларын әлем оқырмандарына насихаттау жұмысы басталады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде І халықаралық «Рух» әдеби байқауының қорытындысын жариялауға арналған ресми жиында ҚР Президенті Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, депутаттар мен ресми орган өкілдері қатысты.

Жиында құттықтау сөз сөйлеген ҚР Президенті Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізіліп отырған байқаудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз үшін әрдайым әдебиеттің орны бөлек. Енді «өз қазанымызда қайнай бермей», әлемге терезе ашатын уақыт жетті. Осы мақсатта келесі жылдан бастап қазақ әдебиеті жауһарларын Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тіліне аударып, өз қаламгерлеріміздің шығармаларын әлем оқырмандарына насихаттау жұмысы басталады,» - деді Аида Балаева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер