BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан латын әліпбиіне көшсе, болашағы баянды болары анық - германиялық саясаткер

Неміс Бундестагы Қазақстан жүргізіп отырған тіл реформасын жоғары бағалайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Германия саясаткері Андреас Янның пікірінше, латын әліпбиіне көшу қазақстандықтардың тілдерді тез меңгеріп, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын көреген шешім болды.

"Қазақстан латын әліпбиіне көшсе, болашағы баянды болары анық. Латын әліпбиінің арқасында жастар ағылшын және өзге тілдерді тез меңгерсе, шетелдіктерге қазақ тілін үйренуге жеңіл болады. Латын әліпбиіне көшу Қазақстанға оң әсерін тигізері сөзсіз. Демек қазіргі уақытта өте маңызды IT саласы да осы әліпбимен жұмыс істейді. Латын әліпбиі сияқты маңызды құралды пайдалану арқылы Қазақстан халықаралық сахнада өз орнын нығайтады. Елдеріңіз бәсекеге қабілетті мемлекетке айналады. Сондықтан да латын әліпбиіне көшу – Президенттеріңіздің көреген дана шешімі" - дейді Бундестагтың халықаралық істер жөніндегі комитетінің хатшысы Андреас Ян.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер