BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда жаңа Неке сарайы ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандылықтар неке қию салтанатты рәсімін жаңа және әсем Неке сарайында өткізу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай сыйлықты жерлестеріне кәсіпкер Болат Қожақпаев жасады. Бұл бизнесменнің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы үлесі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Ақ сарай» салтанат сарайында болып қайтты. Аймақ басшысы Қазыбек би атындағы аудандық АХАТ бөлімінің қызметкерлері қандай жағдайда еңбек етіп жатқанын қарап шықты. Әкімнің аралауы барысында салтанат залында жас жұбайлардың, алтын және күміс той иелерінің тіркеуі өтіп жатты. Облыс әкімі жанұяларды осындай тамаша мерекелерімен құттықтады.

«Қарағандылықтарға осындай сарай бұрыннан керек болатын. Енді олар неке жібімен өз тағдырларын қазіргі заманғы, салтанатты және әсем жерде байланыстыра алады. Мен жаңа отбасылар құрылып жатқан осындай кең махаббат сарайы жастарға бақыт пен шаттық сыйлайтынына сенімдімін. Бұл жай ғана қалаға жасалып отырған сыйлық емес. Бұл патриоттықтың және меценаттықтың, жақсы еңбектің үлгісі. Еліміздің әр тұрғыны, әр кәсіпкері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы өте маңызды», - деді Ерлан Қошанов.

Осыған дейін Неке сарайы тозығы жеткен ескі, тар ғимаратта орналасқан болатын. Болат Қожақпаев өз қаражатына салтанаттарға арналған залы бар мейрамханалық және қонақ үй кешенін салды. Жобаның құны 3 млрд теңгені құрады.

Ғимараттың жалпы ауданы – 16,5 мың шаршы метр. Аумақтың бір бөлігін кәсіпкер тегін түрде Қазыбек би атындағы аудандық әкімдігіне берген. Бір ай бұрын мұнда АХАТ бөлімі көшіп келді.

Мекеме қызметкерлері қазіргі жұмыс шарттары анағұрлым жайлы болғанын атап айтты. Шілде айында бұл жерде 500-ге жуық тіркеу актілері өткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер