BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ертең латын графикасы бойынша жалпыхалықтық диктант өтеді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында 2018 жылғы 14 қараша сағат 11.00 - де республика бойынша алғаш рет латын графикасы негізіндегі «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтеді.

Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.

Диктантты өңірлердегі тілдерді дамыту басқармалары дайындаған арнайы аудиториаларда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және «Қазақ радиосы» арналарында тікелей эфирден тыңдап, жазуға болады. Акцияның ұзақтығы 30 минутты құрайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында диктантқа белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, қазақстандық әртістер Майра Мұхамедқызы, Тұрар Әліпбаев, Нұрболат Арзамас, Бақтияр Адамжан, ақын, жазушылардан Несіпбек Айтұлы, Роза Мұқанова, Қонысбай Әбілов, спортшылардан Серік Ақтаев, Айбек Оралбай, Әйгерім Әбілқадырова, Талғат Зарубеков, Ринат Секназаров, тележурналистер Ләйла Сұлтанқызы мен Қанат Әуесбай және басқа да белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.

Қажетті ақпаратты emle.kz, tilalemi.kz сайттарынан аласыздар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер