BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы мақаласын үш-төрт студент қана оқыған – Оразкүл Асанғазы

Фото: Ержан Жаубай

Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Оразкүл Асанғазы 300 адамдық үлкен аудиторияда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқыған үш-төрт қана студент болғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі» атты дөңгелек үстелде мәлімдеді.

«Жалпы мақаланы оқыдыңыздар ма? – деп сөзін бастады ол. – 50 шақты жастардың аудиториясында болдым. Осы сұрақты қойған кезде 200-300 адамның ішінде үш-төрт адам ғана қол көтерді».

Оның айтуынша Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы кез келген ұлттың өз әліпбиі болуы тиістігін көрсетеді.

«Осы мақаланың ішінде кез келген адамның жүрегін дір еткізетін сөйлем бар: «Біз қуатты, жауапкершілігі жоғары, біртұтас ұлт болуымыз керек». Ал ұлттың көрсеткіші не? Қандай ұлт боламыз, қай ұлтқа бірігеміз? Мынау айтылмайтын, ыммен жеткізілген керемет сөз. Біз ең бірінші тілімізді жаңартып, қолданысқа енгізуіміз қажет», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер