Елбасы кітапханасы музейінде жаңа экспозиция ашылды - Рухани жаңғыру|24 Сәуір 2018, 18:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елбасы кітапханасы музейінде жаңа экспозиция ашылды

Фото: Нұржас Жақсыбай

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы музейінде «Тәуелсіздік бастауында» атты экспозициясының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев және оқушылар мен студенттер қатысты.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күляйша Ақтаева жаңа экспозицияның қандай мақсатта ашылғанын түсіндірді.

«Біз Елбасымыздың Астанадағы алғашқы резиденциясындағы жаңа экспозицияның ашылу рәсіміне қатысып отырмыз. Жаңа тәуелсіз мемлекет құру оңайға соққан жоқ. Барлығын басынан бастау керек болды. Сондай қиын заманда елдіктің жүгін көтерген, ел азаматы Нұрсұлтан Назарбаев болатын. «Тәуелсіздік бастауында» атты экспозиция Елбасы кітапханасы қызметкерлерінің ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі болып саналады. Экспозиция еліміздің егеменді тарихынан сыр шертетін ауқымды мұрағат материалдары мен тарихи маңызы бар жәдігерлердің негізінде әзірленді», - деді ол.

Экспозиция алты тақырыптық бөлімнен тұрады. Олар: «Тәуелсіздік жаршылары», «Қазақстан ядролық қарусыз әлем үшін», «Дәуір бетбұрысында», «Тарихи таңдау», «Басты реформалар», «ХХІ ғасыр тоғысында». Әрбір бөлім Қазақстанның тәуелсіздігін алу, мемлекет ретінде қалыптасу және нығаюдың тарихи кезеңдерінен сыр шертеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер