Бізге басқа экономика қажет – Нұрсұлтан Назарбаев - Рухани жаңғыру|12 Сәуір 2018, 14:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бізге басқа экономика қажет – Нұрсұлтан Назарбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

ҚР Президенті Назарбаев 100 жаңа оқулық» жобасымен жарық көрген алғашқы 18 оқулықтың тұсаукесер рәсімінде шикізатқа тәуелді Қазақстанға басқа экономика қажет екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Шикізатқа тәуелді елміз. Шынын айтқанда, отар болдық қой. Империя әр уақытта басқа елдерді қара жұмысқа салып өздері басқалардан ала беретін. Біз солай үйренген халықпыз. Темір, көмір, мұнай, газ бар, соған сеніп өсіп жатырмыз. Ал енді басқа экономиканы, инновацияны, индустрияны құру үшін не істеуіміз керек? Қаржысы жоқ ел бұған жете алмайды. Тек қана кімде артық ақша бар сол инновациямен, индустрияландырумен айналыса алады. Біз оған жеттік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол басқа экономикаға көшудің маңызына тоқталып өтті.

«Шикізатқа баламалы экономикамызды тұрғызу үшін алты жылдан бері индустрияландырумен жұмыс істеп жатырмыз. Бізде Құдайға шүкір, бәрі бар. Нарықтағы бағаның конъюнктурасын көріп отырсаңыздар бәрі биржа тауарлары. Бүгін олай, ертең былай. Былтыр мұнайдың баррелі 140 доллар болып, 30-ға дейін түсті. Қазір 50-60. Ал ертең не болатынын біз білмейміз. Тақтатас газы дамып жатыр, баламалы энергетикаға бәрі көшіп жатыр. Сол себепті бізге басқа экономика қажет. Алты жылдың ішінде 1200 жаңа кәсіпорын тұрғыздық. Бұл дегеніміз өзге деңгейлі кадрлар, өзге еңбекақы, өзге адамдар. Қазір бізге техниктер, инженерлер жетіспейді», - деді мемлекет басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер