Аударылған кітаптар білім көкжиегіміз бен дүниетанымымызды кеңейтеді – профессор - Рухани жаңғыру|27 Сәуір 2018, 13:30
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Аударылған кітаптар білім көкжиегіміз бен дүниетанымымызды кеңейтеді – профессор

Фото: мұрағат

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында әлемдегі ең үздік 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылатынын айтып, жастардың дүниежүзіндегі таңдаулы оқулықтар негізінде білім алуына мүмкіндік жасау керектігін міндеттеген болатын. Бұл бастамаға қатысты ҚР Жоғары соты жанындағы Сот төрелігі академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім институты әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Тілеуғали Бурбаев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Аударылған еңбектердің орны ерекше. Мен өз салам бойынша айтатын болсам, философия - жаңаша әрі терең ойлауды қалыптастыратын ілім. Сондықтан да, қазақ дүниетанымына осындай аударма еңбектердің енуі, біздің дүниетанымымызды кеңейтеді. Бірақ, бұдан мынандай ой тумаса керек, бұған дейін Гегель, Сократ, Платон, Аристотельдің еңбектері қазақшаға аударылмады деген. Қазақша мұндай еңбектер бар. Ал қазіргі аударылған еңбектердің құндылығы - ағылшын тіліндегі түпнұсқадан қазақ тіліне тура аударылғандығында. Яғни, ешқандай ауытқулар жоқ. Әрине ағылшын тілі мен қазақ тіліндегі ойлай стилінің айырмашылықтары бар. Мысалы, қазақтың ойлау тілі қашанда жұмбақтап, бейнелеп, көркемдеп сөйлеуге бейімделген. Ал, ағылшын тілінде рационалдық ой кешудің белгілері бар. Осы еңбектерді біздің студенттер оқыса, ары қарай дамытса, өзіміздің ойлау жүйемізді қалыптастыруға әсер етіп жатса - бұл еңбектердің маңызы зор болады деп ойлаймын. Сондықтан да, бүгінгі «100 жаңа оқулық» аясында аударылған еңбектер біздің қолымызға жету керек, студенттер оларды оқу керек. Жалпы артық білім кедергі жасамайды. Білгеннің артықтығы жоқ. Қазір прогматикалық заман. Осы жағынан келгенде бұл кітаптар білім көкжиегімізді кеңейтеді»,- деді Тілеуғали Бурбаев.

Естеріңізге сала кетсек, 12 сәуір күні Елбасының қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылып, жарық көрген алғашқы18 оқулықтың тұсауы кесілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер