Атырауда велоспорт мектебі ашылды - Рухани жаңғыру|10 Мамыр 2018, 19:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Атырауда велоспорт мектебі ашылды

Атырау облысының меценаттары қайырымдылық аукционы барысында балалар веломектебіне қажет жабдықтар алу үшін 35 млн теңге сыйға тартты. Жоба мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Веломектеп балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында құрылған, онда 10-16 жас аралығындағы 80 бала велосипед шеберлігін меңгереді. Айта кетейік, бұл спорт түрі бойынша секция Атырауда алғаш рет ашылып отыр.

Атақты спортшылардың құралдары мен коллекциялық велосипедтер аукционы Bike Ride Atyrau - 2018 бірінші қайырымдылық веложарысы барысында өтті.

Жалпы Атырау облысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында меценаттардың қолдауымен 1200 орындық 6 балабақша, 2500 орындық 8 спорт кешені салынды. «Ретропарк», «Сазанқұрақ», «Атамекен», «Жеңіс» демалыс саябақтары да пайдалануға берілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер