Атырауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 118 жоба іске асты - Рухани жаңғыру|25 Сәуір 2018, 13:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Атырауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 118 жоба іске асты

Фото: azh.kz

2017 жылы Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 13 млрд теңгеге 118 жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы туралы баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бағдарлама аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы қамтамасыз етілді, қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Былтыр сәуірде жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын атыраулықтар қызу қолдады, осының нәтижесінде бүгінге дейін көптеген іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтсақ, былтыр бағдарлама аясында өңірде 1000-ға жуық іс-шараға 450 мыңнан астам адам қатысқан. Қазіргі таңда бағдарлама бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға барлық жағдай бар. Жобалық офис жасақталып, сарапшылар кеңсесі ұйымдастырылды. 7 ауданда кіші жобалық кеңселер, 70-тен астам ҮЕҰ белсенді араласып келе жатыр. 43 меценат кәсіпкер және 14 ірі демеуші кәсіпорындар қолдау көрсетіп келе жатыр», - деді Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысының айтуынша, облыстағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бірнеше кіші бағдарламалар арқылы жүзеге асқан. «Атамекен» кіші бағдарламасында Атырау қаласында «Асар» үш жақты әріптестік республикалық форумы өткен. Нәтижесінде, үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға арналған Азаматтық орталық ашылған. Әлеуметтік жобалардың республикалық базасы жасақталып, 5 жоба Атырау қаласында жүзеге асуда.

Сонымен қатар, 2018 жылға – 6,1 млрд теңгеге 175 жоба жоспарланған. Жоспар бойынша 700-ден астам іс-шараға 400 мыңнан астам адам қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер