BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Аталар мирасы» – түркі дүниесін түгендейтін бірден-бір жоба

Фото: Нұржас Жақсыбай

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Аталар мирасы» мультимедиалық қорының таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның және шетелдің Ұлттық ғылым академиялары, іргелі ғылыми-зерттеу институттары мен дипломатиялық миссия басшылары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері мен түркітанушы-ғалымдар қатысқан жиында TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі жобаның маңыздылығы жайлы айтты.

«2015 жылғы 11-ші қыркүйекте Астана қаласында өткен Түркі кеңесінің V саммитінде Қазақстан басшысы Н. Назарбаев түгел түркінің рухани мұрасын жинап, насихаттайтын ортақ жоба бастауды тапсырған болатын. «Аталар мирасы» (atalarmirasi.org) - сол тапсырма нәтижесінде жүзеге асқан іргелі жоба», - дейді Дархан Қыдырәлі.

TWESCO тарапынан дайындалған мультимедиалық қорда әлемдегі түркітілдес халықтардың, ұлыстар мен этникалық топтардың ежелгі заманнан бүгінге дейінгі рухани мұралары топтасқан. Олар жалпы мәлімет, ғылыми зерттеулері, түпнұсқалық транскрипциясы, аудармасы мен фотосуреті, факсимилесі қатар ұсынылып отыр. Портал ағылшын, қазақ, орыс және түрік тілдерінде дайындалған. Деректер тақырыбына қарай - Түрік халықтарының жазу тарихы;

Ежелгі жазба мұралары;

Көне түрік бітік жазулары;

Халық қазынасы;

Ортақ жазба әдебиет нұсқалары;

Ұлттық әдебиет үлгілері;

Археологиялық ескерткіштер;

Этнографиялық жәдігерлер және Газет-журналдар атты негізгі 9 бөлімге жинақталған.

Академия порталды ғылыми танымдық ақпараттармен ұдайы толықтырып отырмақ.

Айта кету керек, қатысушылар тарапынан оң бағаланған порталдың таныстырылымы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған «Түркі әлемінде рухани жаңғыру: Тарих. Таным. Тұлға» конференциясы аясында өтті.

Сонымен бірге, алқалы шарада қалың көпшілікке «Түркі барометрі» жобасы мен мен оның алғашқы зерттеу нәтижелері ұсынылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер