Астанада жемқорлыққа қарсы ауданаралық марафон басталды - Рухани жаңғыру|29 Сәуір 2018, 09:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада жемқорлыққа қарсы ауданаралық марафон басталды

Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің алаңында «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонының салтанатты түрде ашылуы болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Марафон «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жүзеге асырылып жатқан «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы аясында өткізіліп жатыр. Ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны Астана қаласының аудандары арасында өткізіледі.

«Біздің мақсатымыз – тұрғындардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жыл басынан бері 138 түрлі іс-шара өткіздік, атап айтқанда байқау, семинар, дебат, КВН, флеш-моб, авто шеру, лекция, кездесулер», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Роман Ким.

Іс-шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ флешмоб және Астана қаласының әкімшілігінің қолдауымен концерттік бағдарлама ұсынылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер