BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Astana Music Hall-да Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында мүмкіндігі шектеулі адамдарды «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығымен марапатаудың Х мерейтойлық рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының аясында атқарылды.

Бұл процесстерде уәкілетті мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жүйелі түрде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың белсенді өмірге апарар жолындағы кедергілерді жоюға бағытталған «Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров» партиялық жобасын жүзеге асырып жатқан «Нұр Отан» партиясының рөлі айтарлықтай маңызды.

"10 жыл ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сонымен бірге Германия, Болгария, Польша, Ресей сияқты алыс және таяу шетелдерден 60-тан астам адам сыйлық иегері атанды. Олардың барлығы талантты және талапкер адамдар. Акция адамның жеке әлеуметтік-қоғамдық маңызы бар жолын ашуға, көрерменге және бүкіл әлемге бет бұруға бірегей мүмкіндік беретінін, денсаулығына қарамастан, өмір бақытты ғұмыр кешу үшін берілгенін өздерінің үлгілерімен дәлелдейді. Олардың әрқайсысы қазіргі заманғы өмір сүрудің белгісіз, қиын жағдайларына бейімделудің ең қиын жолдарын еңсерген. Осындай іс-шаралардың арқасында мүмкіндіктері шектеулі адамдар бірте-бірте табысты әрі қаржылай тәуелсіз, бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік өзгерістердің толыққанды қатысушылары болады "Нұр Отан" партиясы еліміздің кез келген азаматын қолдауға әзір" - деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархат Қуанғанов.

«Жан шуақ» қоғамдық сыйлығын республикалық «Қазақстанның мүгедектер конфедерациясы» қоғамдық бірлестігі белгілеген. Акцияның құрылтайшысы және идеялық шабыттандырушысы бірлестіктің негізін қалаушы Иран Омарбеков болған. «Жан Шуақ» сыйлығы мәдениет, спорт, вокалдық-инструменталдық орындау, қолданбалы өнер, қоғамдық қызмет, арбамен би билеу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосқан адамдарға беріледі.

"Сіздер ешкімнен де кем емессіздер. Билегілеріңіз келсе билеңіздер, ән саламын десеңіздер ән салыңыздар, қалағандарыңызды жасауға болады. Біз тек сіздерді қолдауға әзірміз! Мүмкіндігі шектеулі балаларға да біз тұрақты көңіл бөліп келеміз. Депутат ретінде қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Сіздер бізге өмір сүрудің қандай болатынын, өмірден өз орынын табудың қандай болатынын көрсеттіңіздер" - деді мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.

Іс-шараға, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, партияның «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асырудағы серіктестері, елдің барлық аймақтарынан келген, жоба аясында партия тарапынан нақты көмек алған ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, соның ішінде бүгінгі сыйлықтың иегерлері қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер