BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Асанов «рухани жаңғыру» бағдарламасы кеңсесінің ақпараттық сессиясына қатысты

Бас прокуратурада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарлама кеңсесінің бірінші ақпараттық сессиясы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокурор Жақып Асанов өзінің алғы сөзінде Елбасының бағдарламалық мақаласының негізгі аспектілеріне тоқталды.

"Қоғамдық сананы жаңғырту барысында қойылған тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру үшін жобалық бастаманы енгізу маңызды. Прокуратура органдары жұмысына жобалық менеджменттің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы – Жобалық кеңсенің басшысы Арман Евниевке алғыс білдіремін" - деді Бас прокурор.

Бағдарламаның іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан шаралар мен аталған құжаттың бағыттарын одан әрі нақтылы жүзеге асыру барысын Арман Евниев, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова, «Ел тірегі» ішкі бағдарламасының әкімшісі Асқар Кереев пен «Қазына» ішкі бағдарламасының менеджері Гаухар Тасбергенова баяндады.

Шараның қорытындысы бойынша спикерлер өзара пікір алмасып, Елбасы мақаласын насихаттау жұмысы өз жалғасын табатындығын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер