BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алаш арыстары өкінішке қарай «шаң басқан архивтерде» жатыр – Ноғаев

Атырауда «Айдынды Атырау - Айбынды Алаш» атты Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жыр кешінде Хатимолла Бердіғалиев, Айгүл Елшібаева, Қапаш Құлышева, Еркін Шүкіманов, Жәкен Омаров сынды өнер қайраткерлері ән шырқап, Асантемір Қаршығаұлы, Әлия Дәулетбаевадай ақындар өлең оқыды.

Шараны Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тамашалады. Аймақ басшысы өнер кешінің Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өтіп жатқанын айтып, облысқа қонақ болып келген өнерпаздарға ел мәдениетіне қосып жүрген зор үлестері үшін алғыс айтты.

Облыс әкімі ұмыт болған Алаш қайраткерлерінің өмірі мен құндылықтарын ұрпаққа насихаттау мәселесіне де назар аударды.

«Өскелең ұрпақ, жастар Алаш қайраткерлерінің аттарының бәрін біле бермейді. Осы өңірде сол идеяны ту етіп ұстап, сол жолда жанын пида етіп қамауға кеткен қаншама азамат бар. Солардың аттарын шығаруымыз керек. Олар туралы деректеріміз әзірге, өкінішке қарай, аз. Бәрі «шаң басқан архивтерде» жатыр. Соны табу – біздің міндетіміз», – деді ол.

Айта кетелік, республикалық дәстүрлі Өнер фестивалі Атырау облысында биыл екінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін аталмыш шара былтыр ұйымдастырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер