BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбелік меценаттар асыраушысы жоқ 58 жасқа баспана алып берді

Фото: ашық дереккөзден

Осыдан біраз уақыт бұрын қаладағы ірі кәсіпорындар мен мекемелер ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй жинақ жүйесіндегі есепшотына ақша аударуды бастаған еді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kz сілтеме жасап.

Қайырымдылық шарасы «Бақытты бала» жобасы аясында ұйымдастырылды. Ал бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен іске асты. Жетім балаларды қолдау шарасы жалғаса береді. Алға балалар үйінің түлегі Диана Бисеналина 11 жылдан бері пәтер кезегінде тұрған. Осы аралықта тұрмыс құрып, балалы-шағалы болды. Отбасымен пәтер жағалап жүру оңай емес, әрине. Жақында армандаған баспанасын алып, қоныс тойын тойлады. «Нұр Ақтөбе» шағынауданында мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты арендалық үйден бір пәтер бұйырды. Енді пәтерін түбегейлі сатып алу үшін есепшотына ақша жинауды жалғастырады.

«Мен бұған дейін облыстық жастар үйінде тұрдым. Алайда 23 жасқа толғаннан кейін әлеуметтік орталықтан шығуыма тура келді. Айына 40-50 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұрдық. Тапқан табысымыздың жартысы пәтер жалдауға кететін. Қазір тұрмысымыз түзеліп қалды», - деді қала тұрғыны Диана Бисеналина.

Өңірде облыс басшысының бастамасымен жетім өскен жастарды баспанамен қамту акциясы жүріп жатыр. Яғни ірі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, депуаттар мен жекелеген бизнесмендер 215 жетімді қамқорлығына алды. Әр балаға жеке есепшот ашылып, оған ай сайын қаржы аударып отырады. Қажетті қаржы жиналған кезде мемлекеттік бағдарламамен баспана сатып алады. Одан бөлек меценаттар балаларды мейрам сайын құттықтап, сыйлық жасайды. Балалардың көбі әзірге патронаттық отбасыларда тәрбиеленіп жатыр.

«58 балаға, жетім балаға, ата-ана қамқорлығынсыз балаларға пәтер кілті ұсынылды. Бұл Тұрғын үй мемлекеттік жинақ қоры арқылы, демеушілер арқылы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер кілттерін табыс етудеміз. Бұл жерде біз Мұғалжар ауданын, Ақтөбе қаласын, Алға ауданын, Ойыл, Қобда, Хромтау аудандарын ерекше айтып кете аламыз», - деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәз Сүлейменова.

Тек облыс орталығының өзінде 400-ден астам жетім бала тұрады. Олардың көбі әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Сондықтан игі іс жалғасын табады. Айта кетейік, жыл басынан бері жетім балалардың есепшотына 70 млн теңге ақша жиналған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер