Әбдіқалықова: Тәуелсіздіктен кейін елімізде кітап басу ісі дамудың жаңа кезеңіне өтті - Рухани жаңғыру|25 Сәуір 2018, 14:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Әбдіқалықова: Тәуелсіздіктен кейін елімізде кітап басу ісі дамудың жаңа кезеңіне өтті

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астанада басталған «Eurasian Book Fair - 2018» ІІІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің ашылу салтанатына қатысқан ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

25-28 сәуір аралығында өтетін шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшы Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі барлық кітапсүйер қауымның рухани мерекесі екендігін атап өтті. Сонымен қатар Гүлшара Наушақызы таяуда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген алғашқы 18 кітап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылғандығын айтты.

«Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда ұлттық кітап басып шығару ісі дамуының жаңа кезеңі басталды. Осы жылдардың ішінде жалпы таралымы шамамен 400 млн дана болатын 81 мыңға жуық атаулы кітап шығарылды. Тек 2010 жылдан бастап қана кітап басып шығару ісіне 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінде баспа қызметімен 380 компания айналысады», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Төрт күнге жалғасатын кітап көрме-жәрмеңкесіне Ресейден, Тәжікстаннан, Әзербайжаннан, Түркиядан, Қытайдан келген баспагерлер бас қосып жатыр. Сонымен қатар, елміздің түкпір-түкпірінен келген баспаханалар өз өнімдерін ұсынады. Төрт күн бойы Астанада жаңа кітаптардың тұсаукесері өтіп, түрлі деңгейдегі әдебиеттер мен оқулықтардың саудасы қызбақшы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер