100 жаңа оқулық жастарымыздың білімді болуына мүмкіндік береді – Абзал Нүкенов - Рухани жаңғыру|23 Сәуір 2018, 18:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

100 жаңа оқулық жастарымыздың білімді болуына мүмкіндік береді – Абзал Нүкенов

100 жаңа оқулық жастарымыздың білімді болып өсуіне, аса пайдалы болмақ. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жұмыстар жүзеге асырылуда. 100 жаңа оқулықтың 18-інің жақында тұсауы кесілді. Бұл кітаптар жастарымыздың жан-жақты қабілетті, білімді болып өсуіне, аса пайдалы болмақ. Құнды туындылар жастарымыздың санасына аса сіңімді болуы үшін біз осы кітаптарды жастармен бірге оқып, оларды кеңінен талқылауға шақырамыз», - деді вице-министр.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне 18 кітап аударылды. Оқулықтарды қазақ тіліне аудару жұмысына еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары мен 100-ден аса маман қатысқан. Аудармашылар қатарында ғалымдар, аударма ісінің кәсіби мамандары бар. Биылғы оқу жылынан бастап, бұл оқулықтар жоғары білім беру жүйесіне енгізіледі деп жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер