100 жаңа оқулық: Жастар әлемнің үздік университеттері оқулықтарымен білімдерін шыңдауға мүмкіндік алды - Рухани жаңғыру|25 Сәуір 2018, 14:56
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

100 жаңа оқулық: Жастар әлемнің үздік университеттері оқулықтарымен білімдерін шыңдауға мүмкіндік алды

Фото: egemen.kz

«Қазақстан студенттер Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ілияс Түстікбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «100 жаңа оқулық» жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды. Бұл жоба қазақстандық студенттерді қуантып тастады. Себебі, қазақ тіліне аударылатын 100 жаңа оқулық Оксфорд, Гарвард және басқа әлемнің үздік университеттерінен алынған. Осы кітаптар бойынша шетелдік жастар білім алуда. Ал бұл оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы қазақстандық жастарға жаңа мүмкіндіктер береді. Олар осы оқулықтармен білімдерін шыңдайды. Біз әрдайым Елбасының бастамаларын қолдаймыз. Қазақ елінің жастары келешекке сеніммен қарайды», - дейді Ілияс Түстікбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне 18 кітап аударылды.

Оқулықтарды қазақ тіліне аудару жұмысына еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары мен 100-ден аса маман қатысқан.

Аудармашылар қатарында ғалымдар, аударма ісінің кәсіби мамандары бар. Биылғы оқу жылынан бастап, бұл оқулықтар жоғары білім беру жүйесіне енгізіледі деп жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер