100 жаңа оқулық болашағымыздың басты бағдары — маман - Рухани жаңғыру|10 Мамыр 2018, 16:23
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

100 жаңа оқулық болашағымыздың басты бағдары — маман

100 жаңа оқулық болашағымыздың басты бағдары, қайнар көзі болмақ. Осы жөнінде Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің доценті Салауат Қамшыбайұлы Кентбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Салауат Қамшыбайұлы осы оқулықтар көпэтносты Қазақстан халқының рухани тұрғыдан жаңа белестерге жетуіне үлес қосатынына сенімді.

«Әлем өркениетінде өзінің даму ерекшелігімен танылған еңсесі биік, тамырын тереңге жіберген мемлекет болғандығымыз хақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізі, оның қайнар көзі «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Бүгінгі таңда қазақ тіліне аударылған 18 ғылыми оқулықтың студенттер үшін білім жолында жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, білім және ғылым жолының көкжиегін кеңейтетіні сөзсіз. Ағымдағы жылдың соңына қарай тағы да 30 кітапты аудару жоспарланған. Ал, 2018-2019 оқу жылынан бастап аударылған оқулықтар еліміздегі жоғары білім беру жүйесіне енбекші. Бұл жобаның аясында әлемдегі деңгейдегі танымал жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасына енген оқулықтар аударылып, олар қасиетті Қазақстанның ғылымының дамуына, еліміздің ертеңі, Тәуелсіздігіміздің тірегі, ұлтымыздың болашағы жастарға білім берудің сапасын көтереді. Классикалық оқулықтар көпэтносты Қазақстан халқының рухани тұрғыдан жаңа белестерге жетуіне және ғылыми, біліми тұрғыдан өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосатынына сенімдіміз», - дейді тарих факультетінің доценті.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне 18 кітап аударылды. Оқулықтарды қазақ тіліне аудару жұмысына еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары мен 100-ден аса маман қатысқан. Аудармашылар қатарында ғалымдар, аударма ісінің кәсіби мамандары бар. Биылғы оқу жылынан бастап, бұл оқулықтар жоғары білім беру жүйесіне енгізіледі деп жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер