Омбы аймағының байырғы қазақша атаулары - Ресей қазақтары|01 Қаңтар 2016, 00:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Омбы аймағының байырғы қазақша атаулары

Астана. 16 мамыр. Baq.kz – Бір кездері қазақтың жері болған (нақты құжатта бекітілген дерек) Омбы аймағының байырғы атауларын ұсынбақшымыз. Аймақтың тұрғындарының негізгі дені қазақтар болған. 19-ғасырдың соңғы кезіне дейін Ақмола облысына қарасты болған Омбы уезінің көптеген жер атаулары 20-ғасыр басында түпті атауын жоғалтып, «жаңа» орысша атаумен аталып кетті.

Әрине, өз еліміздің аумағында да өткен ғасырда әртүрлі саяси науқандарға байланысты елдімекендер «жаңаша» аталып кеткені белгілі. Болашақта зерттеушілер қалың көпшілікке байырғы жер атауларын ұсынады деген үмітпен, төмендегі Омбы аймағының «жаңа» және «ескі» атауларын жариялап отырмыз.



Изюмовский – Атабай-Томар (1904 жылы өзгерген)
Харитоновская – Байғын ағаш (1907)
Князетрубецкая – Жалғыз құдық (1904)
Антоновское – Дүйсенбай-Шілік (1904)
Ново-Николаевское (Цветнополье) – Шұңқыр бейіт (1904)
Побочное – Тоғысбай (1904)
Зеленополье – Үлкен-Шілік (1904)
Екатеринославская – Ұзынкөл (1907)
Федоровка – Ұзынкөл (1907)
Федоровка – Тілеміс (1907)
Кохановское – Аманжан (1907)
Андреевка – Бөгенбай (1903)
Ляличи – Бас айғыр (1904)
Бобровка – Жарқынағаш (1904)
Генераловка – Егіндіағаш (1903)
Белосток – Қырықты қызыл (1907)
Калиновское – Қара-Томар (1904)
Горнозаевка – Май (Мамай) (1904)
Новоекатиеринославка – Ұзынағаш (1903)
Павлоградка – Шарбақты (1899)
Игнатьевка – Сырпайша (1904)
Дувановка – Төбет (1907)
Новокунянское – Естемір (1906)
Новоцарицинское – Басқұмдыкөл (1904)
Платовское – Сағасай (1907)
Розовка – Келдібек (1903)
Славянская – Қаратерек (1905)
Голубовка – Мойнақ (1904)
Степановский – Ащыкөл (1899)
Соловьевское – Итемген (1907)
Терпение – Қойсойған (1904)
Новодонское – Қоскөл (1904)
Громогласовка – Әулиесу (1907)
Полтавка – Сарыкөл (1894)
Зароская – Саржан (1907)
Христиановская – Садақ (1907)
Мамоновка – Тереңсай (1904)
Н.Лукьяновка – Сұлуағаш (1908)
Платоновка – Қосқызыл (1908)
Новосергиевская – Әлеуке (1904) т.б.


Дерек «Казахи Омского Прииртышья» экциклопедиясынан алынды


аударған Р. Нүркен.
namys.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер