Алтай: мың бояумен түрленген Сауырдағы Сереңқарағай сайы (ФОТО) - Ресей қазақтары|08 Маусым 2016, 11:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алтай: мың бояумен түрленген Сауырдағы Сереңқарағай сайы (ФОТО)

Фото: Шығыс Бәкішұлы

"Сауырымның салқыны-ай, топырағың алтын-ай" – деп қазақ халқы әнге қосқан бұл Сауыр тауында шүңеті терең көл, өткел бермес өзен жоқ болғанымен, биік таудағы мұзықтардан, бастаулар мен сазды өңірлерден қайнап шыққан бұлақ сулары қосыла келе шағын өзеншелерді қалыптастырып, төмен ағардағы су қоймалардың қарнын қампитып жатады.

Осы өзеншелердің ішіндегі Сауыр жайлауынан еңіске қарай құлай аққан Састы өзені Жеменей ауданы мен Қаба ауданы малшыларының қыстаулығы болған Сереңқарағай сайын Тосты, Бестерек деп екіге қақ айырып, Тосты шекарасы ішіндегі Тасты су қоймасына құяды. Жеменей ауданы мен Қаба ауданының 10 мың басқа тарта малы осы Сереңқарағай тауын қыстап шығады. Ел жайлауға көшіп, мал аяғы арылған соң Сереңқарағай сайы қайта түрленіп, құлпырып шыға келеді. Өзен суы тулап ағып, жусан исі кеңсірікті жарып, барған жанның көңілін жадыратады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер