Зияткерлік мектептер еліміздегі орта білімнің ең жоғары эталонына айналды – Назарбаев - Президент|01 Желтоқсан 2018, 11:49
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Зияткерлік мектептер еліміздегі орта білімнің ең жоғары эталонына айналды – Назарбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына – 10 жыл. Осыған орай бүгін Назарбаев университетінде «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен педагогтардың форумы өтіп жатыр. Салтанатты жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

«Баршаңызды «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» 10 жылдық мерейтойымен шын жүрегіммен құттықтаймын. Бұл әлемдегі өркениеттің өнегесін ұстанған білім ошақтарының берекелі белесі. Назарбаев университеті құрылғаннан кейін бұл университетке түсетін оқушы керек, студент керек болды. Сұраныс көп, бірақ емтиханнан өту оңай емес. Мектептерді жақсылап дайындау керек еді. Сондықтан мен осындай Зияткерлік мектептер Қазақстанның әр түпкірінде болсын деген идеяны іске асырып, мінекей сіздер бүгін 10 жылдығын атап отырсыздар», - деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Зияткерлік мектептер еліміздегі орта білім берудің ең жоғары эталонына айналды. Қазір Қазақстандағы мектептің барлығы Зияткерлік мектептерге қарап бой түзейді.

«Жас ұрпақтың заман талабына сай білікті болуы базалық білімге тікелей байланысты. Яғни, мектептегі білім мықты болу керек. Бұл білім ордасының оқушыларына қойылатын талап өте жоғары екенін өздеріңіз білесіздер. Сондықтан, мұнда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар балалар ғана түсе алады, білім алады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба 2018 жылдың наурыз айынан жүзеге асырыла бастады. Бүгінгі күні елімізде жаратылыстану-математика бағытындағы 20 Зияткерлік мектеп ашылған. 2010-2018 жылдар аралығында Зияткерлік мектептерді 8 мыңға жуық түлек тәмамдады. 950 оқушы «Алтын белгі» мен ерекше аттестатқа ие болды. Білім беру – қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер