BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Жас сарбаздар Нұрсұлтан Назарбаевқа төсбелгі тақты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен кездесті.

Кездесуде жас сарбаздар Назарбаевқа «Жас сарбаздың» құрметті төрағасы» куәлігі, төсбелгісі мен арнайы киімін табыстады. Шарада жас сарбаздар шағын концерт ұйымдастырып, жеткен жетістіктерімен бөлісті.

Үш жыл бұрын дәл осы күні Мемлекет басшысы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық әскери-патриоттық орталығын ашқан болатын.

Бүгінгі кездесу барысында Мемлекет басшысына «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының жұмысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, өңірлерде «Жас сарбаз» қозғалысы филиалдарының құрыла басталғаны айтылып, қозғалыс тәрбиеленушілеріне арналған киім үлгісінің тұсауы кесілді.

Бұған қоса, Елбасы назарына әскери суретшілер студиясының картиналары, көне тарихи жәдігерлер, «Орбұлақ шайқасы» диорамасы, 3D – mapping шоу проекциялық көрмесі ұсынылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер