BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Трамп: Назарбаевты Ақ үйде қарсы алу — мен үшін мәртебе

Фото: Бауыржан Жуасбаев

АҚШ Президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты күтіп алған сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Ақ Үйде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты күтіп алу – мен үшін мәртебе», - дейді Дональд Трамп.

Келіссөздер қорытындысында АҚШ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елі үшін жасаған еңбегіне жоғары баға берді. Ал Елбасы өз кезегінде АҚШ пен Ресейдің шиеленіскен қарым-қатынасы үшін алаңдайтынын білдірді. Назарбаевтың айтуынша, Солтүстік Корея мәселесін АҚШ, Ресей және Қытай ғана өзара келісіп отырып шеше алады.

АҚШ Президенті мен ҚР Президентінің кездесуінің басты қорытындысы – екі ел арасындағы серіктестіктің ұлғаюы.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президентінің биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен баратыны туралы хабарлаған болатынбыз. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа барған сәтінен видео жариялады. Елбасын Дональд Трамптың өзі қарсы алып, мұны үлкен мәртебеге балады.

Ақ үйде өткен кездесуде Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасында әрдайым екіжақты саяси қарым-қатынас орнағанын айтып өтті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы АҚШ-тың іскер топтар өкілдері, АҚШ-тың энергетика министрі және «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі Корпорация» мемлекеттік агенттігінің президентімен кездесті. Сапар соңында Назарбаев Трамппен жүргізген келіссөздің қорытындысы бойынша БАҚ үшін брифинг өткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер