BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сен жетекте жүрген емес, жетектеуші адамсың – Назарбаев ел басқару туралы айтты

Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Телерадиокешенінің әлеуметтік желідегі парақшасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басқарудың қиындығы туралы айтқан архивтік видео жариялады.

Ел басқару қиын ба деген сұраққа жауап берген Елбасы өз ойын айтты.

«Нағыз көшбасшы болудың қиындығы - ол сенің бәрін алдын ала болжай білуің. Сен жетекте жүрген емес, жетектеуші адамсың. Сондықтан қайда жетелеп келе жатқаныңды білуің керек. Әрине, қасыңда идея беріп, жазып, талдап, ұсынып отыратын көп кеңесшілерің мен көмекшілерің болады. Бірақ өзің шешім қабылдауың керек. Олар жазып бергендері үшін жауап бермейді. Шешім қабылдап, сол шешім үшін жауап беретін - Президент. Президенттің жалғыз болуы деген осы. Онда өзің ғана отырып жұмыс істейсің», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер