BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Президенттер үшін ел билеу ісі оңай жүк емес»

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Уақыт таңдауы» деректі фильмі жарыққа шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Қоры мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Президенттер үшін ел билеу ісі оңай жүк емес. Бұл тұрғыдан Назарбаевтың ата-анасына да, жаратушыға да өкпесі жоқ. Денсаулығының мығымдығы мен жүйкесінің темірдей мықтылығының арқасында кез келген салмақты қайыспай көтере алады. Ешкімге жол бермей, өз дегеніне жете біледі. Денсаулығы жөнінен де, ақыл-ойдың кемелдігі жөнінен де ешкімге дес бермейді.

Табиғат оған тағы қандай қасиеттер берді? Жұмысқа деген ғаламат құлшыныс, жадының мықтылығы, әсіресе цифрлар мен даталарды жаңылыспай есте сақтауы. Осының барлығы біртуар тұлғаларға тән қасиет, кәсіби шеберліктің критерийі.

Ағылып келіп жатқан ақпараттарды дер кезінде зерделеп, ұшырасқан адамдардың барлығын есте сақтауға тиіссің», - деп айтылады деректі фильм үзіндісінде.

Фильмді ҚР Президентінің Телерадио кешені белгілі ресейлік публицист, жазушы Леонид Млечинмен бірлесіп түсірген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер