BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Президент әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне погон тапсырды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» этно-мемориал алаңында өткен Мемлекеттік ту көтеру мен офицерлік шен тапсыру мерекелік шарасына қатысты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Осы қазіргі келіп тұрған оқу орындарын үздік бітіріп шыққан жастарымызға ең тұңғыш офицерлік шен берумен бірге, барлық әскери жоғары оқу орындарын бітірген ұландарымызды, жастарымызды шын жүректен құттықтаймын. Бұл маңызды мәселе. Сендерге біз көп үміт артамыз. Отанымыздың тыныштығы, еліміздің шекарасының шегеленуі, еліміздің тұтастығы барлығы біздің қарулы күштеріміздің қолында болады. Ертең келген жастарды тәрбиелейсіздер. Алдыменен оларға аға болып, артынан әке болып тәрбиелеп, өздеріңіз үйренген әскери жаттығудағы білгендеріңізді соларға таратыңыздар. Барлығы отансүйгіш болып өссін. Құттықтаймын!" - деп Қазақстан Президенті үздік түлектерге офицерлік шен тапсырды.

Қазақстан Президенті ҚР Ұлттық гвардиясы әскери институтының, ҚР ҚМ Радиоэлектрика мен байланыс әскери-инженерлік институтының, ҚР ҰҚК Шекара қызметі ЖОО-академиясының, ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерінің әскери ЖОО-ның, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы полиция академиясының, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды полиция академиясының, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының үздік 12 бітірушісіне офицерлік шен тапсырды.

Назарбаевтың қолынан Дархан Азаматов, Сұлтан Аманжолов, Дархан Бектұрсынов, Ғазез Жанәділ, Жазира Ибрахим, Дарын Қайратов, Эдиль Катиев, Алмас Көшербаев, Олжас Қуандықов, Вадим Муратов, Бағдат Мұқайұлы, Қанат Сағынбек салтанатты түрде погон алды. Сөз соңында Елбасы жас офицерлерге сәттілік тіледі.

"Ал енді сендерге, жас офицерлер, үлкен зор бақыт тілеймін. Еліміз бейбітшілікте өмір сүрсін, шекарамыз мықты болсын. Соғыс өрті ешуақытта жанбасын. Аспанымыз ашық болсын дегенменен де сендерге елдің тыныштығы, отанымыздың қауіпсіздігі тәуелсіздігіміздің баянды болуы тапсырылады. Өте ерекше міндет, өздерің таңдап әскери адам болып, әскери киім киіп, шен алғаннан кейін осы өмірлеріңді осыған жолдағаннан кейін осы істің шыңына жетіп маман болыңдар", - деп сөзін түйіндеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер