BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Президент Алматы әкімдігіне инновациялық дамуға үлес қосуды тапсырды

Елбасы өсімнің көрінбейтін резервтерін анықтау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігіне және мемлекет-жекеменшік серіктестік саласындағы әлеуеттің толық пайдаланылмай отырғанына ерекше тоқталды. Инновациялық өнім көлемінің екі есе қысқарғанына да назар аударды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Алматыда еліміздің барлық негізгі жоғары оқу орындары, соның ішінде Сәтбаев атындағы ірі техникалық оқу орны орналасқан. Алайда, әлі күнге дейін елеулі инновациялық әзірлемелер жасалған жоқ. Әкімдік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселеге қатысты тиісті шаралар қабылдауға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы инновациялар өсімін қамтамасыз ету үшін «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының әлеуетін мейлінше пайдалану қажет екенін атап өтті.

– Оның құрылысына бюджет есебінен 20 миллиард теңге жұмсалып, 12 жыл ішінде арнайы экономикалық аймақтың жұмысына 22 миллиард теңге жеке инвестиция тартылды. Әкімдік оның жұмысына ықпал ете алмай отыр. Арнайы экономикалық аймақ қызметіне тиімді бақылау жасауды қамтамасыз етіп, бұл ретте тәртіп орнататын кез келді, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті Алматыда құрылған индустриялық аймақ туралы да айтты.

– Бүгінде онда 191 миллиард теңгені құрайтын 40 жоба тіркелген. Әзірге тек 1 жоба іске қосылған, 13 жобаның құрылысы жүріп жатыр, ал қалғандарына әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Әкімге индустриялық аймақты жаңа жобалармен толықтыруды тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер