Петер Пеллегрини: Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы беделі зор - Президент|15 Қараша 2018, 16:33
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Петер Пеллегрини: Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы беделі зор

Фото: Ақорда

Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Словакия Республикасының Премьер-Министрі Петер Пеллегринимен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Словакия Премьер-Министрінің бұл сапары мемлекетаралық байланыстырды одан әрі нығайтуға және экономиканың түрлі салаларындағы ықпалдастықты тереңдетуге серпін беретінін атап өтті.

– Елдеріміз арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Сапарыңыздың барысында Премьер-Министр Б.Сағынтаевпен кездесу өткіздіңіз. Сізбен бірге Қазақстанға бизнес өкілдері де келіпті. Осы сапарыңыз өзара байланыстарымызды дамытуға жаңаша жол ашады деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

П.Пеллегрини еліміздің әлемде мемлекетаралық диалог орнату ісіндегі маңызды рөлі жөнінде айтты.

– Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы беделі зор. Көптеген халықаралық мәселелерді шешу жолындағы Қазақстанның тұрақтандырушы рөлін жоғары бағалаймыз, – деді Словакия Республикасының Премьер-Министрі.

Сонымен қатар, П.Пеллегрини екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды өркендетудің маңыздылығын атап өтіп, агроөнеркәсіп және индустрия секторларында, көлік-логистика саласында, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер