BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан мұнай өндіруді тоқтатпайды

Каспий теңізі жанындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстан мұнай саласындағы жұмысын тоқтатпайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алдымызда дамудың жаңа кезеңі тұр. Қазақстан мұнай саласындағы жұмысын тоқтатпайды. Каспийдің жанындағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы болашақта жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл жұмыс еш уақытта тоқтамайды», - деді ол «Теңізшевройл» ЖШС-ның 25 жылдығына арналған салтанатты жиынында.

Сонымен қатар, Елбасы мұнай мен газды терең өндіру жұмыстарына баса мән беру қажеттігін атап өтті.

«Мұнай мен газ бағасының құбылмалы болуына байланысты алтернативті технологияны дамыту маңызды. Шикі мұнайды сатып қана қоймай, мұнай мен газды терең өңдеу мәселесі өте өзекті. Қазақстан осы салаға қызығушылық танытады. Осы салада «Шеврон» компаниясының тәжірибесі мол. Мен «Шеврон» әдеттегідей осы бағыттағы жұмысқа қолдау білдіреді деген үміттемін», - деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қазақстан президенті елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысын тездетіп бастау қажеттігін айтты.

«Бүгінгі кездесуде Үкімет аталған компаниямен бірігіп, мұнай өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың құрылысын жүргізу мәселесін қарастыруы қажет. Маған осы жоспарларыңыз туралы есеп берулеріңіз керек. Бірінші, орында жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы тұр. Бұл Қазақстанның мұнай өнімдеріне деген импорттық тәуелділігін жоюға мүмкіндік береді», - Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы арасында Теңіз кенішін игеру мақсатында құрылған. Бүгінгі таңда ол – Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірі. Компания шикі мұнай, газ және күкірт өнімдерін өндіреді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер