Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны дамытуға арналған кеңес өткізді - Президент|20 Қыркүйек 2017, 19:22
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны дамытуға арналған кеңес өткізді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік астанада Алматы қаласын дамытуға арналған жиналыс өткізді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңесті ашқан Мемлекет басшысы Алматы бүгін Қазақстанның қаржылық, мәдени және ғылыми орталығы екенін айтты.

"Ширек ғасыр ішінде экономикасы 100 есе өсті, шағын және орта кәсіпкерліктегі өндіріс көлемі 130 есе артты, қаланың аумағы мен тұрғын үй қоры екі есе ұлғайды. Біз елдер арасындағы бәсекелестік дәуірінен қалалар арасындағы бәсекелестікке өту кезеңіне куә болып отырмыз. Бүгінде 600 қала әлемдік жалпы ішкі өнімнің үштен екі бөлігін өндіреді", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Алматы инфрақұрылымы жақсарып келе жатқанын атап өтті - соңғы екі жылда қалада 100 мың ағаш отырғызылды, 42 шақырым арық торабы қалпына келтірілді, 60 километрден аса веложол жасалды. Президент сонымен қатар қалаға келуші туристер санының көбейгенін айтты.

"Бүгінде шетелдік екі туристің бірі Алматыға келеді. Қалада қонақүйлер, театрлар, музей, спорттық нысандардың дамыған жүйесі бар. Биыл туристердің саны "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу арқасында көбейді. Оның сәтті өткізу Астана мен Алматы ғана емес, бүкіл Қазақстанның беделін көтерді", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер