BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев Жаир Болсонаруды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Жаир Мессиас Болсонаруға Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Жаир Мессиас Болсонаруды Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін. Сізге зор денсаулық және жауапты қызметіңізге мол табыс, ал достас Бразилия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер