Назарбаев Түрікменстанға барды - Президент|24 Тамыз 2018, 11:43
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев Түрікменстанға барды

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанға сапармен барды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сай, Қазақстан президенті Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Түрікменбашы қаласына барды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысуы, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер