BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев толеранттылықтың төзімділіктен айырмашылығын айтты

Фото: zakon.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев толеранттылық пен төзімділік арасында қандай айырмашылық бар екені туралы айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының пікірі жазылған видеоны Президенттің Телерадиокешені Facebook-те жариялады.

«Төзімділік бар, толеранттылық бар. Төзімділік – біреудің маған ұнамайтын қасиетін көріп тұрамын, бірақ шыдаймын. Яғни адамның проблемаға деген пассив қатынасы, мән бермеуі. Толеранттылық – бұл адамның автив қатынасы. Толеранттылық – төзу емес, өзара түсіну және ынтымақтастық. Толеранттылық бір күнде туындамайды, ол тарихи қалыптасады», - деді Президент.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер