BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев министрліктерден Алматы әкімдігіне беруге болатын нысандарды атады

Елбасы әкімдіктің пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтап, қайтарып алу және оны тиімді пайдалану жөніндегі жұмыстарды жалғастыруы қажет екендігіне назар аударды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бүгінде қаладағы жердің 500 гектары әлі игерілмеген. Жер – кез келген ірі қаланы дамытудың басты активі. Сәулет және құрылыс органдарының жұмысын түбегейлі қайта қарастыру қажет. Қала құрылысы саясаты қазіргі заманғы трендтерге сай болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қаланың сәулетін жақсартуға және оның орталық бөлігін жаңғыртуға, ескі және апатты үйлерді азайтуға, көшелерді абаттандыруға арналған бағдарлама әзірлеу қажеттігін атап өтті. Қаланың көптеген айтулы нысандары орталық мемлекеттік органдардың қарауында екені және оларға тиісті күтім жасалмай отырғаны жөнінде айтылды.

– Баум тоғайы, Ботаникалық бақ қараусыз қалған. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы күрделі жөндеуді қажет етеді. Министрліктер бұл нысандарға мардымсыз қаражат бөліп отыр, ал әкімдік бюджет заңнамасындағы тәртіпке сәйкес оларға көмектесе алмайды. Егер орталық мемлекеттік органдар аталған нысандармен айналысқысы келмесе, оларды жергілікті атқарушы органдардың қарауына беру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев экология мәселесіне ерекше назар аударды.

– Соңғы жылдары ауаны ластау индексі 20 пайызға төмендеді. Осы жұмысты жалғастыра беру керек. Әкімге «Самұрық-Қазынамен» бірге 2020 жылға дейін ТЭЦ-2-ні газбен жұмыс істеуге көшіру үшін тиісті шаралар қабылдауды және жеке секторды газбен қамтамасыз ету ісін аяқтауды тапсырамын. Қалада жас көшеттер отырғызу жөніндегі жүйелі жұмысты және бақылауды жолға қою қажет. Былтырдың өзінде бес мың ағаш кесілген. Бұл мәселе бойынша бақылауды күшейтіп, кесілген ағаштардың орнына жаңасын отырғызу жөніндегі норманы арттыру қажет. Жас көшеттерге күтім жасауды қамтамасыз ету керек, – деді Қазақста Президенті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қала әкімдігіне қоқысты кешенді түрде қайта өңдеу және оны толық жоюды қамтамасыз ету мәселесін жүйелі түрде шешу қажеттігін айтты.

Соңында Қазақстан Президенті жиынға қатысушылардың Алматы мен бүкіл Қазақстанның игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер