BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев Қорғаныс министрін қабылдады

Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы, сондай-ақ оны одан әрі дамытудың басым бағыттары жөнінде мәлімделді.

Н.Ермекбаев Мемлекет басшысына жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру, армияны қару-жарақпен қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу ісіне байланысты атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Қорғаныс министрі бітімгершілік миссия құрамындағы қазақстандық контингенттің қызметіне тоқталды.

Соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер