Назарбаев Кофи Аннан туралы: адал әрі мейірбан тұлға - Президент|20 Тамыз 2018, 12:07
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев Кофи Аннан туралы: адал әрі мейірбан тұлға

Фото: ru.sputniknews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Кофи Аннан халықаралық деңгейдегі танымал саясаткер ретінде бүкіл ғұмырын әлемде тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға арнады.

Осыдан біраз жыл бұрын Кофи Аннан сынды парасатты, адал әрі мейірбан тұлғамен таныстым. Жаһандық дамудың өзекті мәселелеріне қатысты ұстанымдарымыз ұқсас болатын. Мен әлі күнге дейін кездесулеріміз бен өзара әңгімелескен сәттерімізді жылы сезіммен еске аламын», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан К.Аннанның туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымына көңіл айтты.

Айта кетсек, Кофи Аннан 18 тамызда Женевада 80 жасында қайтыс болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер