BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Lion Air» әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Индонезия халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», – делінген жеделхатта.

Таңертең индонезиялық Lion Air авиакомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағытеңізге құлады. Ұшақта Қазақстан азаматының бар-жоғын ҚР СІМ анықтады. Сонымен қатар, ұшаққа қанша адам отырғаны белгілі болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер