BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев: Болашақ – жасанды интеллектіде

Фото: vistanews.ru

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында болашақ – жасанды интеллектіде екенін, біздің көштен қалуымызға болмайтынын айтты.

«Болашақ – жасанды интеллектіде. Жасанды интеллект – ми. Қазіргі уақытта ғалымдар ми нейрондары қалай жұмыс істейтінін зерттеуде. Оның қалай жұмыс істейтіні анықталса, бізге ұқсас роботтар жасалады. Егер ондай роботтар жасалса, біздің миымыздағы барлық ақпарат басқа роботтың миына көшіріліп жазылады. Бұл – үлкен құбылыс, сондықтан біз де көштен қалмауымыз керек», - дейді Елбасы.

Болашақта жасанды интеллект тәжірибесін қабылдап, дамытамыз.

«Бұл – мүлде өзгеше экономика, өзгеше өмір. Егер жасанды интеллектіні жетілдірсе, болашақта дәрігер қызметі де қажет болмай қалады. Сіздің қай жеріңіз ауыратынын, қандай ем түрі қажет екенін медициналық құрылғы өзі-ақ анықтайтын болады. Біздің ауыл шаруашылық жеріміз үлкен. Бұл салада да жасанды интеллектіні қолдану арқылы қай жерде не өсіру керек екенін, қалай өсіру керек екенін анықтауға болады. Тіпті ол баланың қандай қабілеті бар екенін, қандай бағытта дамыту керектігін анықтай алады», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер