BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.44 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Назарбаев: АҚШ пен Ресей арасындағы жағдай шиеленіссе, бізге әсері болады

Фото: Ақорда

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Елбасы биыл АҚШ президентімен кездесуінің тарихи маңызы туралы айтты.

«Тәуелсіздік алғалы АҚШ-қа ресми түрде он бір рет бардым. Бұл жолғы сапардың тарихи маңызы сонда – мен АҚШ-тың жаңа президентімен кездестім. Америка – әлемдегі ең ірі, мықты держава екенін мойындауымыз керек, бірақ Ресейге, Қытайға әсер етіп жатқан қазіргі экономикалық жағдай ол мемлекетке де әсер етпей қоймайды», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, ол АҚШ президентімен жақсы келіссөздер жүргізілгенін айтты.

«Бұған дейін онымен екі рет телефон арқылы сөйлестік. Оны бірінші рет БАӘ басшыларымен кездесу барысында кездестіргенмін. Ол кездесудің алғашқы сәтінен-ақ достық ниетпен қарсы алды. Бұл кездесу – екі саясаткердің бір-бірін жақсы түсінген кездесуі болды. Америка – Қазақстанның ірі инвесторы болып саналады. Біз әрдайым ортақ тіл табысып келдік және АҚШ тарапы осы қарым-қатынасты дамытқысы келетінін түсіндім. АҚШ пен Ресейдің санкциялық соғысы біз үшін қолайлы емес. Сөз соңында оған бұл мәселенің бізге қатысы жоқ екенін айттым, бірақ бұл мәселенің бізді жанап өтетінін білемін, өйткені біз Ресеймен үлкен сауда-саттық қарым-қатынастамыз. Екі мемлекет арасындағы жағдай шиелесіне түссе, бізді де жанап өтеді. Бірақ біз екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік қатынасты дамытуға келістік. Біз Ресей, Украина, Солтүстік Корея, Қытай, Сирия және басқа тақырыпта сөйлестік. Ол менің пікірімді білгісі келді және «Көрдіңдер ме, Қазақстан еш мемлекетпен жауласпайды» деді», - дейді ол.

Кездесу барысында екі ел президенті ірі компаниялармен 7 млн доллардың 20 келісімшартын жасасты.

«Одан кейін АҚШ-тың сауда министрі келді. Ол өзімен бірге кәсіпкерлерді ала келді. Біз Қазақстандықтардың оқуы, білім алуы және басқа да мақсаттары орындалуы үшін АҚШ-қа 10 жылдық визаға келістік. Өздеріңіз көріп отырғандай, кездесу барысы Қазақстан үшін пайдалы болды», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер